ДҮРБАЕВ Құтбай (Құттыбай) (1906. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Өзгента. -14.1.1971. Өзбекстан Республикасы, Ташкент обл. Жоғарғы Шыршақ ауд.) -ақын, әнші, жыршы. Нартай Бекежановтың шәкірті, оның әндерін орындаушы болуымен катар өзі де өлең-терме,жыр-толғау шығарып айтады. Репертуарында Нартайдан басқа Сыр бойы ақындарынан Бұдабайдың, Базар жыраудың, Кете Жүсіптің, Әкімгерейдің, Кенжеқожаның толғау термелері болған. «Гүлденген отаным», «Өзім туралы»,»Нартайдан бата алғанда». т.б. жыр-толғаулары Сыр бойы, Мырзашөл өңірі, Ташкент атырабына кең тараған. Ақындық және муз. шығарм. туралы К.Саттаров, Т.Бекқожина, К.Сейдеханов зерттеу мақалалар жазды.