ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА

ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА -кейде жазушының дүниеге, қоғамдық өміргекөзқарасы мен әдебиеттіктворчествосы үнемі бір тұтас болмай,жігі ашылып,арасында алшақтық,тіпті қайшылық болады деген пікір кездеседі. Мүның мәнін дұрыс түсіну қажет. Асылында, жазушының дүниетанымы мен творчествосы өте тығыз байланысты болады. Оның саяси,философиялық,эстетикалық көзқарасы,дүниетанымы әдеби творчествоға негіз,тірек болады. Ал әдеби шығармаларынан өмірлік ұстанымы. мақсат-мұраттары,эстет. идеалы айқын танылады. Алайда,жазушыбелгілі бір саяси тәртіпті жақтай отырып. көркем шығармасында өмірді бейнелеген. Айтқан саяси пікірлерінен анағұрлым терең,озат ойларды аңғартатын кездері болады. Мыс.,Гоголь крепостнойлық тәртіпті жақгайтын кейбір пікірлер айта жүріп,»Өлі жандар» романында сол крепостнойлықтәртіптің бар кемістігін,осал жақтарын аса үлкен шеберлікпен әшкерелеп береді. Мәселе, әрине,жазушының шығарм. оның ой-санасынан, ой-пікірлерінен шалғай кететіндігінде емес. Оның нақтылы өмірге тереңдеп үңілгенде бұрын қалыптасқан,өзі де жақтайтын таным-түсініктің шеңберінен әлдеқайда асып түсіп, өмірдің шындығын суреткердің айрықша сезімталдығымен сезінетіндігінде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *