ДҮКЕНБАЕВ Сайлау Хамитұлы (3.12.1937 ж.т.. Павлодар обл. Лебяжье ауд. Қызыл қоғама.) -әдебиет зерттеуші,педагог. Қарағанды пед. ин-тын бітірген (1961). 1961 -64 ж. мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі. 1964 -75 ж. Павлодар обл. мұғалімдер бөлімін жетілдіру ин-тында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі. 1975 -88 ж. Қазақстан Оқу министрлігінің қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі инспекторы қызметін атқарады. 1988 -1993 ж. өзі негізін салған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатының директоры. Д. -қазақ әдебиетін оқыту мен оның методикасы. теориясы туралы көптеген оқу қүралдарының. ғыл. мақалалардың авторы. «Әдебиет теориясынан алғашқы адымдар» (1981),»Мектепте драмалық шығармаларды оқыту» (1985),»С.Сейфуллин творчествосы бойынша жазба жұмыстар ұйымдастыру» (1975) және т.б. көптеген еңбектері мен әдістемелік құралдары,оқушыларға арналған орысша-қазақша сөздіктері көпшілікке белгілі. Д. сондай-ақ қазақ орта мектептерінің 7 сыныбына арналған араб тіпі оқулығының қосалқы авторы. Д. бірнеше медальдармен марапатталған.