ДҮЙСЕНОВ Мырзабек Төлегенұлы (20.12.1928. Қызылорда обл. Сырдария ауд. -2.8.1988. Алматы) -жазушы, ғалым, филол. ғыл. докт. (1968). ҚазҰУ-ды бітірген (1949). 1952 жылдан ҚР ҰҒА-ның ғыл. қызметкері. 1972 -88ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер, жамбылтану меңгерушісі. Д. «Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі» (1962), «Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын мұраты» (1967) атты монографиялық еңбектерінде әдебиетгің теориялық мәселелері мен көрнекті ақындарының (Жансүгіров, Тәжібаев) шығармашылығын зерттеген. Ол -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (қазақ, орыс тілдерінде 1958.1960). «Қазақ әдебиеті тарихы» (3-т. 1-2 кіт. қазақ тілінде. 1967. орыс тілінде. 1971). «Көп ұлтты совет әдебиеті» (орыс тілінде. М, 1971) авторларының біріжәне редколегия мүшесі. Республикадағы мектептер үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» (1968-75. М.Қаратаевпен бірге) құрастырушы. Д. бірнеше
әңгімелері мен повестері «Қалыңдық» (1962). «Ана махаббаты» (1965), Гүлжан сүйеді» (1968), «Меймандар» (1971), «Ант» (1974) көркемсөз әлемінде» Біз күн перзентіміз» (1983), «Бір аспанның астында» (1985), «Ғасырлар сыры» (1988) атты кітаптары жарық көрді.