ДҮЙСЕНБИЕВ Сәбит (24.5.1959 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Шақпақ Баба а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1981), Еңбек жолын «Жалын» баспасында редакторлықтан бастады. Бұдан кейінгі уақытта ол «Ұлан», «Түркістан» газеттерінде, «Денсаулық» журналында қызмет етті. Жазушының «Жалын» баспасынан 1984 ж. «Тәтті алма», 1987 ж. «Қақпашы» және 1991 ж. орыс тілінде «Сладкое яблоко» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгіме-повестері, жинақтары жарық көрген. Жас жазушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық IX кеңесіне қатысқан.