ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ Есенбай (16. 5.1940 ж.т., Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Қалдайбека.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Алғашқы еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігінен бастаған. Темір және Байғанин ауд. һәм Ақтөбе обл. газеттерінде әдеби қызметкер, аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. 1978-19-95 ж. респ. «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі» баспаларында аға редактор қьвметін атқарды. Қазір Қазақстан даму ин-ты «Саясат» ақпараттық-талдау бюллетенінің редактор-аудармашысы және «Жазушы» баспасыныңжетекші редакторы. Тұңғыш жыр жинағы 1971 ж.»Бозала таңмен бозторғай» деген атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді.»Ақпейіл» (1974), «Ұлан ғайыр» (1977), «Ашық аспан» (1978), «Ақ желкенді ағыстар» (1979), «Біздің толқын» (1981), «Ашық хат» (1982), «Таң торғайы» (1988), «Үшбұлақ» (1990) және балаларға арналған «Санамақ», «Әліппе -тілашар», «Менің жаңа астанам», сондай-ақ, таңдамалы жырларының бір томдық (2000) және «Жаңбыр әні» (2003) жыр жинақтары жарық көрді. Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етіп, 2 томдық орыс поэзиясы антологиясын, М.Горькийдің «Әдебиет туралы», академик Г.Ломидзенің «Ұлы достық ұлағаты» кітаптарын, палестиналық ақын, Халықар. Лениндік сыйл. лауреаты. Әл-Ха-миси лирикасын, қырғыз шайыры Б.Абакированың жырларын қазақ тіліне аударуға қатысты. 1998 ж. Қожа Ахмет Иасауи хикметтерінің қазақша көркем аудармасын жеке кітап етіп бастырды. Д. Бұқар жырау өлеңдерінің текстологиялық салыстырма нұсқасын жасап, оны алғаш рет жеке жинақ етіп жариялады. Д. -Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне тұңғыш рет өткізілген жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. 1990 ж. «Үшбұлақ» жыр кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атынд. сыйл. берілген. 1996 ж. Жамбыл атынд. Халықар. сыйл. алды. ҚР Мәдениет қайраткері белгісімен марапатталған (2001).