ДҮЙСЕНБАЕВ Ыскақ Тәкімұлы

ДҮЙСЕНБАЕВ Ыскақ Тәкімұлы (15.10.1910. қазіргі Омбы обл. Таврия ауд. Қаушақпан а.-21.11. 1976. Алматы) -ғалым,филол. ғыл. докт. (1967). проф. (1971), ҚР ҒА-ның корр.-мүшесі (1975). ҚР-ның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1971). Мәскеуде М.Горький атынд. Әдебиет ин-тын бітірген (1939). 1939 -42 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында редактор. КСРО ҒА Қазақ филиалының әдебиет секторында ғыл. қызметкер. сектор меңгерушісі. 1942 -43 ж. әскери-педагогтік ин-т тыңдаушысы, 3-Украина майданының «Советский воин» газеті редакторының орынбасары болған. 1946ж. Қазақстан ҒА-ның төралқасының ғалым-хатшысы. 1949 -61 ж. Тіл және әдебиет ин-тында бөлім меңгеруші,1961 -76 ж. Әдебиет және өнер ин-ты аға ғыл. қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Ғыл.-зерт. еңбектері, негізінен, фольклор және әдебиет тарихы мәселелеріне арналған. Фольклор, әдебиет тарихына байланысты көптеген басылымдардың жариялануына белсене араласып, Абай, Сұлтанмахмұт, Әуезов, Күлеев шығармаларын, фольклор нұсқаларын және ақын-жыраулар туындыларының академиялық жинақтарын құрастырып, шығаруға қатысты. Ф.Рабле, И.С. Тургенев, А.П. Чехов, Р.Роллан, А.Горький шығармаларын қазақ тіліне аударған. Д-тың «Ғасырлар сыры» (1970),»Қазақтың лиро-эпосы» (1973),»Мұхтар Әуезов» (1974),»Эпос және ақындар мұрасы» (1987) атты еңбектері бар. Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *