ДІНИ ҚИССАЛАР

ДІНИ ҚИССАЛАР -пайғамбарлар мен әулие әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардыңдін жолындағы іс-әрекеті туралы шығармалар. Д. қ. сюжеті Құран Кәрімнен, Інжілден, Таураттан алынған. Д. қ-да, әсіресе, Құраннан алынған хикаялар жиі ұшырасады. Өйткені Құран Кәрім -тек діни кітап қана емес сонымен бірге, араб классик. әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен қарасөз түрінде де айтылатын ертегілер мен әфсаналарды араб тілінде «қисса» десе, парсы тілінде «дастан» деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығ. хикаяларының өлең-жырға айналдырылған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған. Құран Кәрімдегі түрлі діни хикаяларды барынша көп камтып, әрі оны мейлінше кең көлемде таратып түсіндіретін қиссалардың бірі -Бурхонуддин Рабғузийдің (14 ғ.) «Қиссаси Рабғузий» немесе «Қисса-с ул-әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы. «Қисса-си Рабғузи» -пайғамбарлар мен әулиелер, періштелер мен әнбиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы. Мұнда барлығы 79 хикая бар. Д. қ. Таяу Шығыс, Орта Азия, Қазақстан жерінде 15 -17 ғ-ларда тарай бастады. Алдыменауызшаайтылып, кейіннен кітап болып басылып тарады. Қазақ арасына көптеп таралуы -19ғ-дың бас кезі. Қазақ тіліндегі алғашқы кітаптар ішінде Д. қ. елеулі орын алды. Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар көп болған. Бұлардың бәрін тақырыптық жағынан үш топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі -бұрын басқа дінде болған адамдарды ислам дініне енгізу идеясын жыр еткен Д. қ. Бұған «Сал-сал» және «Зарқұм» қиссаларының сюжеті дәлел. Екінші топтағы қиссалар -өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуге, төзімділікке, мейірімділікке, достыққа, халықүшін еңбек етуге, махаббат адалдығына үндейді. Бұған «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», «Әзірет Әлінің сараң байды дұрыс жолға салғаны», «Жүсіп-Зылиха», т.б. қиссалары дәлел.Үшшші топтағы қиссалар -бақи дүниедегі, яғни жұмақ пен дозақтағыөмірді бейнелеп көрсетуге арналған шығармалар болып келеді.Мұндай қиссаларда әрбір пенде жалған дүниеде жасаған күнәсі үшін Аллаалдындажауап беретіні негізгі идея ретінде жырланады. Мәселен, «Жұм-жұма» (Қазан, 1881) қиссасы. Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қиссалар жазып, кезінде нәзира дәстүрін ұстанған бір топ ақындар қазақ әдебиеті тарихында «кітаби ақындар» деп аталып кеткені мәлім. Солардың ішінде діни қиссаларды ең көп жазған ақын -Шәді Жәңгірұлы (1855 -1933) деуге болады. Шәді ақынның Ташкенттегі Ғ.Х. Ғарифжанов баспасынан әр жылдары жарық көрген «Хайбар» (1910), » Назым сыяр Шариф» (1917),»Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917), «Қисса Бәлгәм Бағұр». т.б. қиссалары ислам сенімінің негіздерін түсіндіруге арналған. Д. қ. имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға,біреуге зорлық-зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *