ДІЛМӘР СӨЗ

ДІЛМӘР СӨЗ. қанатты сөз. а ф о р и з м (грек. aphorismos -қысқа нақыл) — ғибрат түрінде айтылатын бейнелі сөз. Афоризмнің баламасы ретіндегі Д. с. терминін А..Байтұрсынұлы енгізді. Ал Шәкерім Құдайбердіұлы «мәнді сөздер» деп атаған. Д. с. ойды жинақтап, тереңдетіп, салмақты, өрнекті, кестелі айтуға, мейлінше қысқа, түйінді тұжырымға, өткір мәнерлілікке, парасатты пайымға негізделеді. Мұндай үлгілі, дарынды сөздердің «тігісі жатық», мақал-мәтелдерден ерекшелігі — оның авторы белгілі. Әлемдік сөз өнерінде Д. с-дің өзіндік тарихы бар. Д. с. көне заман-ның ойшылдары Платон, Аристотель, Гераклиттен бастала тұра, туған халқымыздың әдеби-көркем мұраларында, әдебиет классиктерінің туындыларында да кездеседі. Мыс., «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан
қара артық, Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық» (Абай). Д. с-дер: а) отан, халық, дәуірге; ә) оқу-білім,ғылым-өнерге; б) ақыл-парасат, арман-мақсат, үміт-тілекке; в) адамгершілік асыл қасиеттерге; г) достық, махаббат, ұрпақ, өмір, уақыт, ата-ана тәрбиесіне, мінез ерекшеліктеріне қатысты жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *