ДРАМА

ДРАМА (грек. dramo-әрекет) -әдебиеттің эпос. лирика сынды үш тегінің бірі (қ. Әдебиеттіңтегі мен түрі), Д-да оқиға тартыс,не тартыстар желісіне жинақтальш, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Д-лық шығарма театрға арналып жазылады да,сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Д. бастапқы кезде хор,диалог,би, айтыс,пантомимомен аралас болып, синтет. өнер саласы ретінде дамыған. Кейін Д. сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды. оның трагвдия, Д.. комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классик. Д-ның алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді, Д. орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада Д. Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғ-да Бат. Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 -20ғ-ларда Д. табиғатында лирик. (Дж. Байрон, А.Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирик. Д-лары), «деректі» (Дж. Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді. Д. -көркем шындықты ерекше тәсілдермен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Д-лық шығармада баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылыдамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка немесе ремарка деп атайды. Репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Д-лық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялықтұрғыдан Д-даоқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мүндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны
катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологы көрермендерге қатты әсер еткен. Трагедия бас кейіпкерлер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді ажуалауға құрылса, Д. адамзат мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ Д-ларын қаһармандық Д. (мыс., М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысы, 1945; С.Сейфулиннің»Қызыл сұңқарлары», 1922, т.б.), саяси-әлеуметтік Д. (мыс., М.Әуезовтің «Еңлік -Кебегі», 1917,т.б.),тарихи-ғұмырнамалықД. (мыс., М.Әуезовтің «Абайы» 1950; Ғ. Мүсіреповтің»Ақан сері -Ақтоқтысы», 1972, т.б.) деп бөліп жүр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *