ДОТАН БАТЫР

«ДОТАН БАТЫР»-батырлық жыр. Ертегіден өлеңге айналдырған жырдың негізгі идеясы -елін қорғаған ердің батырлығын үлгі-өнеге ету. Жыр мазмұнында ертегілік сюжеттер басым болғанымен қазақ эпосының байырғы тақырыбы -қалмақ басқыншыларына қарсы соғыс та елеулі орын алған. Ысмағұл Шәмсуддинов жырды «Қисса-и Дотан Құбақанбай ұғлы уә һәм жалмауыз кемпірдің өлгені» деген атпен 1903 ж. Қазан қ-нда «Университет» баспасынан жеке кітап етіп шығарған. Бұл кітап екінші рет 1915 ж. сол қалада «Мағриф» баспасынан жарық көрді. Жырдың басқа нұсқалары да бар. Кітаби нұсқаның көлемі 1900 жолдан тұрса, 1940 ж. КСРО ҒА Қазақ филиалына Мәлім Жүсіпов тапсырған жыр нұсқасы 1150 жолдан, 1941 ж. жазушы Аманғали Сегізбаев тапсырған нұсқа 1950 жолдан тұрады. Жырдың ақын Нұралы Нысанбайұлы шығарған нұсқасы да бар. Бұл нұсқаны жыршы Қысраубек Амантайұлы ел аузынан жазып алып, 1948 ж. Тіл және әдебиет ин-тына тапсырған. Жыр нұсқаларының мазмұны мен сюжеті бір-біріне ұқсас, кітаби
нұсқасында ғана аздаған эпизодтық айырмашылық бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *