ДОСЖАН Дүкенбай (9.9.1942 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Құланшы а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1964). 1963 -66 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1966 -75 ж. «Жазушы» баспасында аға редактор, 1976 -84 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1984 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. Алғашқы өлеңі 15 жасында. тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 ж. жарық көрді. Д. 9 роман, 18 хикаят, 100-ден аса әңгімелердің авторы. Д-ның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең. «Отырар» (1965), «Фараби» (1965), «Жібек жолы» (1973) «Жусан мен гүлдер» (1966), «Зауыл» (1970), «Жібек жолы» (1973)», «Дария» (1975), «Кісі ақысы» (1978), «Табалдырығыңа табын» (1980), «Жолбарыстың сүрлеуі»(1984), «Құмда қалған кемелер» (1986), «Мұхтар жолы» (1988)», «Абақты» (1992), «Алаң» (1993), т.б. әңгіме, повесть жинақтары жарық көрді. Жазушының 1990 ж. 2 томдық таңдамалы шығармалары. 2003 ж. 13 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Д-ның шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атынд. сыйл. (1987). Қазақстан Мемл. сыйл. (1996) лауреаты, «Құрмет» орденімен марапатталған(2001).