ДОСБАЙ Есалыұлы (1838. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Досана. -1916. сонда) -би,шешен. Ұлы жүз құрамындағы ысты тайпасынан шыққан. 1873 ж. болыс болып сайланған. Кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп,халық құрметіне бөленген. 1901 ж. Меккеге қажылыққа барған. Д-дың нақыл сөздері ел арасында сақталып қалған. Олардың ішінде ат бапкерлігі,сыншылдығына қатысты айтқандары да бар.