ДИУАНИ ХИКМЕТ

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» «Ақыл к і т а б ы » -Қожа Ахмет Иасауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. «Д. х.» 12 ғ-дан сақталған әдеби ескерткіштердің бірі. Түркі тілді халықтардың орта ғасырлық әдеби мұрасы. Ақын өз кітабын шағатай тілінде жазған. «Д. х.» -көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік, стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. Ол қазақ әдебиетінің де ескі үлгісінен саналады. «Д. х-тің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы 15 ғ-дың орта шенінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе Қазан (1887-1901). Стамбұл (1900).Ташкент (1902 -11) баспаларынан түрік, өзбек, қазақ,татар тілдерінде кітап болып басылып шыққан. Бұлардың ішінде Маңғыстау Тыныштықұғлының Қазанда бастырған нұсқасы әрі толық,әрі қазақ тіліне өте жақын. Бұған ақынның 159 хикметі енген. «Д. х-ті»М.Ф. Көпрүлузаде, Н.С. Банарлы,Е.Э. Бертельс, А.К. Боровков,Э.Р. Рустамов,В.И. Зохидов. т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Иасауи «Д. х-те» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі -шариғат. «Шариғат» -ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талапетеді. Екіншісі,»тариқат»-дін ғұламаларына шәкірт болып,дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту. Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Үпгіншісі,»мағрифат» -күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу,түсіну. Төртіншісі,»хақиқат» («фано») -Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғарғы басқышы. Қожа Ахмет Иасауи Аллаға жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша. Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек. осы төрт асудың қырық мақамын игергенпенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мән-мағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп,о дүниенің рухани әлемін меңгеру),»насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады. «Д. х.» өлеңдері құрылысы жағынан силлабикалық үлгіде, 7. 11. 12 буынмен жазылған. Шумақтары 2. 4. 6. 8. 10 жолды және көп жолды, ұйқастарды көбінесе ерікті, асқақ ұйқас болып келеді. «Д. х-те» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат,кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этик.-дидактик. тұжырымдар бертін келе,қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *