ДИЛОГИЯ

ДИЛОГИЯ (di -екі және logos -сөз,әңгіме,баян) — бір-бірімен жалғастырылып, бір идеялық ой-тұжырымдар негізінде жазылған, басты кейіпкерлері ортақ, бірақ композициялық тұрғыдан дербес екі шығармадан құралған көркем туынды. Д-ны құрайтын әр шығармада баяндалатын оқиға тиянақталып, көбінесе, негізгі кейіпкердің өміріндегі белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан екі шығарманың әр қайсысы өзінше аталып. жеке кітап болып та басыла береді. Әр бөлімнің жеке аттары болғанымен де оның сюжеттік желісінде, композициялық құрылымында тұтастық болады. Алғашқы бөлімдегі кейіпкерлер екіншісінде де әрекет жасап,авторлық идеяны ашуға қызмет етеді. Қазақ әдебиетіндегі Д-ның тамаша үлгісі Ғ.Мүсіреповтің»Оянған өлке» (1953) мен «Жат қолында» (1984) романдары. Екі романның да кейіпкерлері ортақ,бірақ екеуі де жеке-жеке шығарма. Сондай-ақ,З.Қабдоловтың «Ұшқын»(1956), «Жалын» (1963) романдарынан құралған «Біз жанбасақ» шығармасы, М.Мағауиннің «Аласапыран» (1981, 2-кіт. 1983), Ж.Молдағалиевтің»Торғай толғауы» мен «Сарыарқаның сүйіктісі» романдары, Қ.Мұхамеджановтың «Бөжірік бөрік астында» мен»Құдағи келіпті» (1950 -61)пьесалары Д-ға жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *