ДИДАКТИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ (didaktikos-үлгі,өнегелі,тағылымды) -үгіт-насихатгық, өсиет сарын -сипатында түзілген,поэзиялық жанрда жазылған шығармалар. Атап айтқанда, дидактикалық — филос. толғаулар, мысалдар, термелер, баталар, қанатгы, нақыл сөздер, ғыл.-танымдық немесе қоғамдық-саяси филос.-әлеум. тақырыпта жазылған поэзиялық трактаттар. Дидактикалық мазмұндағы туындыларда халықтық филос.. педагогика, мораль,этика мәселелері,гуманистік сарындар баяндалады. Халықтың көркемдік және эстетик. түсініктері,сан замандар мен ғасырлар бойы жинақталған білік. ақыл. тәжірибе, әдет-ғұрып,тұрмыс-салттағы жарқын дәстүрлер әңгімеленеді. Дидактикалық поэзия үлгілеріне Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі», Ахмет Йүгнекидің»Ақиқат сыйы», Махмұт Қашқаридің» Диуани лүғат ат-түркі», Ахмет Иасауидіңөсиет, үгіт сарындас сөздері жатады. Түркі тілдес халықтардың жазба поэзиясының бастау-бұлағы -оның дәстүрлі ауызша дидактикалық поэзиясы әрі бұл оның мазмұны мен түріне де қыруар өрнектер қосқан.