ДИАЛОГ (грек. dialogos -сөйлесу,әңгімелесу), сұхбат -ауызекі әңгімелесу пішіні,екі не одан да көп адамдардың пікір алысуы; ғылыми және көркем әдеби шығармаларда қолданылатын тәсіл. Д-та драм, әрекет, интонация,ырғақ мол болады. Д. -көркем шығарманың,драматургиялық шығарманың адам мінезін,көркем идеяны ашуда сырлы бейне жасауда шешуші қызмет атқаратын ең негізгі құралы. Яғни. Д-та әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан,сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне,ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы Д.,кейіпкерлердің сөйлестіре білу шеберлігі — әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі.