ДЕРБІСӘЛИН Әнуар Жақсығалиұлы (18.2.1929. Ақтөбе обл. Ойыл ауд. Қызылжара. -4.7.1986, Алматы) -ғалым, филол. ғыл. докт. (1969). ҚР ҒА-ның корр.-мүшесі (1983). ҚазҰПУ-ды бітірген (1950). 1950 -51 ж. мектеп мүғалімі. 1951 -55 ж, Тіл және әдебиет ин-тының аспиранты, кіші ғыл. қызметкер, 1955 -58 ж. ҚР Оқу мин-нің Пед.ғылымдары ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, 1958 -76 ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер, 1977 -86 ж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғыл.-зерт. еңбектері негізінен 19 ғ. мен 20 ғ. басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ түркі жазба ескерткіштері мен қазақақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерт. еңбектердің авторы. Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнаме», «Қорқыт Ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірген.