ДЕНСАУЛЫҚ

«ДЕНСАУЛЫҚ»-қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалықғыл.-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау мин. мен Респ. кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. «Денсаулық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина мәселелеріне, әсіресеасакөптараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың,ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экол. тепе-теңдіктің бұзылуы. Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей,Бат. Қазақстан,Қызылорда) радиация кесапаты -журналдың негізгі тақырыбына айналды. «Д.» елімізде медицина мекемелерінің жұмысын, дәрігерлердің кәсіби мамандығын жетілдіру, емдеу сапасын жақсарту мәселелерімен қатар еңбек етудің, тамақганудың, демалыстың ыңғайлы режимі,оңтайлы психол. ахуалжасау, дене шынықтырудың бұқаралық түрлерін дамыту шараларына ұдайы көңіл бөледі. Медицинатарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен берілді. Журналдың көлемі 4 баспа табақ, таралымы 9000 дана (2000).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *