«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» -Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелеріне арналып, қазақ тілінде шығып тұрған журнал. Оның 1929 ж, тамызда жарық көрген 1-санының 36 беті араб әріптерімен, 4 беті латын әріптерімен теріліп, 4 мың данасы тараған. «Д. ж-ның» жарыққа шығуына игі ықпал еткен Қазақсан Денсаулық сақтау халық комиссары Мұхаметқали Тәтімов(1894 -1938) алғашқы жылдары бас редактор (1929 -30) қызметін қоса атқарған. 1930 -32 ж. Б.Әбдірахманов пен С. Аспандияров бас редактор болды, X. Досмұхамедұлының мақалалары журналда жиі жарияланып тұрған. 1932 ж. жұмысын тоқтатқан журнал 1990 ж. «Денсаулық» деген атпен қайта жаңғыртылып, жүйелі шығып келеді.