ДЕКАДАНС (франц. decadence -түңілу деген мағынаны білдіреді) -19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында рухани өмірде, көркем-өнерде, философия мен эстетикада орын алған
дағдарыстың әдебиеттегі көрінісі өмірден торығу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары басым әдеби құбылыс. Декаданс алғашында Францияда өмірді әр алуан балама-бейнелерді, тұспал-белгілерді қолданып,шартты тәсілдермен суреттеуді мақсат ететін символизм ағымымен жалғаса шықты, оны бастап әдебиетте орнықгырғандар символист -ақындар болды. Ірі символистер Франциядағы А.Рембо, П.Верлен, С.Малларме, Бельгиядағы Э.Верхарн, М.Метерлинк, Австралиядағы Р.М. Рильке,Россиядағы Ф.Сологуб,З.Гиппиус, Д.Мережковский,А.Бе-лый Д. нағыз өкілдері болды. Кейін футуризм,экспрессионизм, акмеизм сияқты ағымдар дамыған кезде. Д. енді солармен тығыз байланысты ұғым болып саналды. Д-қа жататын,не оған жақын келетін әдеби ағымдарға ортақ қасиет аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылу,қоғамдық тартыс-таластардан алшақтап дарашылдық, сыршылдық сезімдерге бой ұру болды. Д. «өнер өнер үшін» деген қағиданы қолдағанын да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын да ескеру, жазушылардың шығарм. еркіндігін сақтауға ұмтылу деп санаған жөн. Бүгінгі таңда өткенге тарихи тұрғыдан қарап, декаданс әдеби құбылыс ретінде жан-жақты зерттеліп, әсіресе,көркем өнерге өзіндік үлес қосқан жазушылардың шығармалары байсалды түрде талданып,әділ бағалануы қажет.