ДАСТАН

ДАСТАН (парс. -айту. баяндау, жырлау) -әдеби-эпикалық жанр. Шығыс халықтары әдебиетінде әсіресе парсы және түркі әдебиеттеріндекең тараған. Д. белгілі бір сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең мен қара сөз араласып келе береді. Мазмұны бірыңғай бола бермейді,қазақ халқының өміріндегі әр түрлі мәселелерді көтеріп, қоғамдық санаға игі ықпал етіп, тақырыбына, композициялық құрылысына қарай сюжетті поэма түрінде немесе сюжетсіз толғау түрінде келеді. Бұрын кім шығарғаны белгілі болғанымен,кейіннен фольклорлық сипат алып, көптеген Д-дардың авторы ұмытылған. Қазақ дастандары тақырыбы жағынан шартты түрде 5-кебөлінеді: 1. Ислам қағидаларын,діни наным-сенімдерді насихаттайтын Д-дар: «Салсал», «Зарқұм», т.б. 2. Шығыс аңыз-әңгімелері негізінде туған Д-дар: «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы». т.б. Бұлар қазақ әдебиетіне бұрыннан таныс, әбден сіңісіп, халықтың шығармасындай болып, Д. жанрының дамуына елеулі әсер етті. 3. Шығыс классиктері негізінде пайда болған Д-дар: Фирдоуси, Физули, Науаи,Низамилер жазған «Ләйлі-Мәжнүн», «Таһир-Зуһра», т.б. поэмалары қазақ арасындаД. болып тарады. Осы дәстүрдің негізінде А.Құнанбайұлы «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімелері» поэмаларын жазды. 4. Романтикалық сарындағы ғашықтық Д-дар: «Қозы-Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», т.б. Кеңестік дәуірде И. Байзақов («Құралай сұлу», «Ақбөпе»), Н.Байғанин («Нарқыз»), Қ. Баймагамбетов («Мәрия-Мағауия) Д-дарын жазған. 5. Ерлік пен ел жайындағы батырлық Д-дар: «Қобыланды, «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Рүстем -Дастан», т.б. Ортақ сюжет негізінде әр халықтың ақын-шайырлар Д. жазып, кезінде өнер сайысына түсетін дәстүр де болған. Д. өлең өрнегі жағынан он бір буынды болып келеді. Кейбір Д-дарды жеңіл жырға тән ырғақпен (муз. аспаптардың сүйемелдеуімен) жатқа айтушыларды бұрын ел арасында «дастаншылар» деп атаған. Қ. Аманжоловтың»Ақын өлімі туралы аңыз», Ә. Тәжібаевтың»Толағай», Ж.Сыздықовтың»Алтын қалам» дастандары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *