ДАНЫШПАН (парс. -ғалым, оқымысты) -рухани кемелдікке жетіп, даналық қасиеттерді меңгерген тұлға. Д. болмыстың заңдылықтарын терең түсініп, толық сезінеді және өзі де сол заңдылықгардың аясында, ауытқымай өмір сүреді. Оның қарапайым адамдардан айырмашылығы -өзінің іс-әрекетін, барша ғұмырын өткінші қызықтың, жеке бастың қамына емес, мәңгілік құндылықтарға, жалпы адамзаттықаңсарларға бағыттап, өз тұстастарына, кейін ұрпақ өкілдеріне өнеге таратып, ізгі ықпалын тигізеді.