ДАНА (парс. -білгір) -білімі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай,ой-сезімі сергек тұлға. Қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды кісі» деген мағына береді. Д-лардың өнегелі өмірі, ғибратты сөздері мен тағылымды іс-әрекеттері -жекелеген топтың,не әлеум. жіктің еншілері, мирасы емес, барша адамзаттың рухани игілігі. Өмірдің өткінші қызығына еліктемей,адамзаттың қарапайым әрі мәңгілік мұраттарын аңсар тұтқан қазақ даналары деп Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Иасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Асан қайғы, Абай, т.б. айтуға болады. Олар — рухани кемелдік сатысына көтеріліп, жан сарайы мен тән тұлғасын тазартқан сайын болмыстың сырын ұғып, пәни мен бақидың мәнін түсіндіру арқылы адамзат ұрпағын шапағатқа бөлеуді мақсат тұтып ғұмыр кешкен.