ГУМЕРОВ Машқар Базретдинұлы (Ғұмар) (11.11.1925. Башқортостан Респ. Аскино ауд. Күбияза. -3.5.2002) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1953). «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1955-56),»Қазақстан» (1957 -58),»Жазушы» (1958 -75),»Жалын» (1976) баспаларында редактор болып қызмет атқарған. «Ұя» атты тұңғыш әңгімесі 1953 ж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. Ондаған прозалық кітаптардың авторы. Орыс жазушысы В.Губаревтің «Павлик Морозов» повесін, қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің кейбір шығармаларын,болгар жазушысы Роза Хафизованың «Қурай-баланың басынан кешкендері» ертегі-повесін, башқұрт жазушысы А.Хакимовтың повестерден құралған екі кітабын,т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. Бірқатар шығармаларыбірнеше халықтар тіліне аударылған. Г. «Ерен еңбегі үшін» медалімен,Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл.иегері(1990)»