ГРОТЕСК

ГРОТЕСК (франц.grotesgue -таңғажайып, өзгеше келбетті, итал. grotta -үңгір) -шынайы, нақтылы өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын, жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні, т.б. шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі. Түпкі мағынасы грот (үңгір) деген сөзден шыққан себебі, ескі заманнан қалған үңгірлерде кездесетін, адамның келбетін, жануарлар мен өсімдіктердің әлпетін батыстырып, бір-бірімен араластыра бейнелеген әшекейлі өрнек-суреттер осылай аталған. Кейін гротеск «комедиялық шығарманың бір түрі» деген мағынаны да беретін болды. Г. тәсіл ретінде әр түрлі жанрдағы шығармаларда орыналып, жан-жақты дамып, өрістей түсті. Тура мағынасында ақиқаттан алшақ кету болғанымен, өмірдегі болатын шындық жағдайды айрықша тапқырлықпен, есте қаларлықгай әсерлі етіп жеткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *