ГРАДАЦИЯ

ГРАДАЦИЯ (лат. gradatio -бірден-бірге сатылап күшейте түсу, еселей түсу,біртіндеп көтеру), дамыту -алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра,асқақтата түсу,алдыңғы құбылыстан соңғы құбылыстың қуат-тегеурінінің асып түсіп отыруы. Бүл көркемдік тәсіл синтаксистік қайталаулар мен мағыналық өрістің кеңеюіне құрылады. Ахмет Байтұрсынұлы бұл стилистикалық тәсілді «дамыту» деп атаған. Және осыған 1) «Бар. Жүгір. Ұш», 2) «Мен саған он рет, жүз рет, мың ретайттым», 3) «Халықты қаңсылату -обал,халықты зар жылату -мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату -иттік» деген мысалдар келтірген. Г. поэзияда да,прозада да қолданылады. Мыс.. «Қобыланды батырдағы» Тайбурылдың шабысы. Г-ның поэзиялық үлгісіне мысал ретінде Мағжанның мына өлең жолдары мысал болаалады: «Бүгінгі күн тән құшпадым,жан құшпадым,жанды құштым,таңда құштым,көкке ұштым»,-мұндағы ойды үсті-үстіне күшейтіп, еселеп айтутәсілі ақынның ыстық махаббатын, кемерінен асып, шалқыған шаттық сезімін
толық, әсерлі жеткізгенін көреміз. Қолдану сипатына қарай Г. екіге бөледі. Бірі түйдектету: «Қиқу салып құзға ұшқан, Құздан суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқаұшқан» (Т.Жароков); екіншісі -баяулату: «Әм жалықтым, әм жалықтым» (Абай). Кейде екеуі қосарланыпқолданылады: «Безілдет, Сарнат,Зарлат! Үздіктірші! Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт,Қысқарт» (І.Жансүгіров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *