Ағыл-тегіл немесе жылап алар

Ағыл-тегіл немесе жылап алар,
Жыламаса, бұлттарға кінә болар.
Шөлі қанып, жетісіп жыра қалар,
Асыр салып, еркелеп бұлақ ағар.
Жұбата алмас бұлттарды бірақ олар.
Көк аспанның айығып мұнары бар,
Жылап алса, бұлттан да мұң арылар.
Әр нәрсенің өзінің сыңары бар,
Мұң арылса, шаттықтан тұнады бал…
Бұлттар көшіп барады легіменен,
Жайлап қана дым бүркіп лебіменен.
Жерде тұрып жете алмай құлазыған,
Бірінің де ісі жоқ меніменен…
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *