ФАРИЗА

Фариза! Фариза жан… Фариза қыз,
Әкеңдей ақындардың бәрі жалғыз.
Болғанмен ақындардың бәрі жалғыз,
Әйтеуір, құрып кетпей әлі бармыз.
Ел түгіл, желге айтатын жетеді мұң,
Күрсініп келеді күн, кетеді күн.
Нағашың – Мұқағали, әкең – Серік,
Жүрегі шұрық тесік екеуінің.
Жүрегім жерден бұрын танып көкті,
Бұлқынып туа ойран салып кепті.
Дүние – дүние емес, – көз жасы екен,
Бетіне ақ парақтың тамып кетті.
Фариза, желегі де, терегі де,
Қазақтың кім бойлаған тереңіне.
Нағашың – Мұқағали, әкең – Серік,
Өлеңнің енді саған керегі не?!
Көңілді жұбатқанмен шарап ішіп,
Әкеңнің әлі өртеніп барады іші.
Айналып басымызда тұрып алды
Арбаған аярлықтың ала құсы.
Өзеуреп күннен-күнге өсетұғын,
Өртімнің кезі жоқ па өшетұғын.
…Көрінген күл көмештің өсегі боп
Күн келер бұл жалғаннан көшетұғын.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *