О, зілзала Салауат!
Жүрген жерің – жаманат қой, Салауат!
Біреулерге бас игізіп – баспақ қып,
Біреулерді пендесің деп алалап –
Келесің бе аспан астын аралап?!
Тәңіріңнің Қаһарынан тізе бүктің сен неше,
Сол Салауат мына жаққа келмесе!
Олар…
Біздей Алла алдын көрген жоқ
«Салауат!» – деп айта қоймас ендеше?
Әзәзілдей әлек салмай тұршы, әрі!
Айта қоймас…
(Көкжиекке қарап)
Айтпаңдаршы…
Ақыл ғой…
Зілзаладан ұрықтанса бір сәрі
Махаббаттан жаратылып жатыр ғой!
Айта қоймас!
Шатастырма баланы!
АДАМ:
Кім біледі…
Айтса – айта салады…
ҺАУА:
Сенің осы пиғылыңнан шошынам!
Нәсіліміз бүлінсе егер осыдан…
Жамандықтан аулақ қылғай бетіңді,
Аузыңды ашсаң – асылық сөз не түрлі…
Махаббат пен Салауаттың, о, сұмдық,
Саған неге бәрі бірдей секілді?!
АДАМ:
Уа, Һауа,
Тергей берме сен мені,
Жек көремін фәлсафашыл пендені!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК