ПРОЛОГ

Күн нұры шуақ құйған көздеріне,
өздері әлі ие емес – өздеріне.
Тірі жан иесіне жазығы жоқ,
нанбасаң құлақ салшы сөздеріне:
АДАМ:
Неткен ғажап мына Әлем!
Сайтаны жоқ –
Салауаты жоқ Дүние…
ҺАУА:
Ей, Адам-ай,
Сайтан әлі арбай ма,
Тақпақ болып тақылдайды таңдайда.
Естен танып неге тұрсың мәңгіріп?
Табыну мен бағынуды мәңгілік –
Біреу жазып қойып па еді маңдайға?!
АДАМ:
Қайта-қайта неге айтамын оны мен,
Енді есіме алмайтындай болып ем…
Жоқ қой өзі?!
Бейнесі тұр тек есте…
Жоқ!
Ұмытам!
Арбалман сол елеске!
Бірақ…
Қалай тәрк етем оны мен,
Көзімді ашып көргенім сол емес пе?!
ҺАУА:
Ұмыт деймін!
АДАМ:
Қалай?
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *