ПРОЛОГ

АДАМ:
Естіп қойдың-ау, сұм жалмауыз тағы… Қап!
ҺАУА:
Ести берсін!
Лағнатқа –
Лағнат!!!
АДАМ:
Біз өлгенде…
ҺАУА:
Һарам сөзді айтпа, Адам!
АДАМ:
Күнәмізді кешіре гөр. Сақтаған!
(Найзағай жарқылдап тұр)
ҺАУА:
Ес жи, Адам!
Аспан!
Сен де тұлданба!
Қара жөндеп қабағыңды аш-тағы:
Егер Сайтан пайда болса бұл маңға
Дүниені онда қара басқаны…
ӘЗӘЗІЛ:
(Көрінбейді. Алланың даусына салып сөйлеп тұр)
Қайда барсаң құтылмассың шеңгелден,
Ант етемін:
Айрылмайтын сендерден!
АДАМ:
Бұл кім?!
Мынау таныс дауыс, о, тоба!
ҺАУА:
Өтінемін, Адам!
Атын атама…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *