ПРОЛОГ

Маған тартып еркек туса егер де
Адам – Құдай сияқтанған алып қыл!
ҺАУА:
Қой…
Дірілдеп бара жатыр жүрегім!
Есіл-дертің – күш пен билік…
Білемін!
Не болса да о болсын сол шаранаң.
Құдай бола көрмесінші –
Тілегім!
Сенің ойың Сайтанменен ұрандас…
Қой…
Онан да көкейдегі күмәнді аш,
Адам болса жетеді ғой, қайтесің,
Құдай болса, қоқаңдамай тұра алмас!
О да көрер тәңіріңмен тіресіп,
Мәз-майрам боп сенше сүйіп – бір есіп,
Құтылатын құлдық дейтін елестен,
Ұрпақ керек айдарынан жел ескен,
О да Аллаға қолын жайып отырмас,
Анасы – Мен, Атасы – Сен емес пе ең?!
Кім біледі… қандай болар арыны,
Құлдық еді-ау әу бастағы қалыбы!
Тәңіріңе көп жүрдің ғой жаутаңдап…
Тимесе егер сондағының шалығы?
АДАМ:
Әуре болмай сен де ішіңнен құр тынып,
Күте бергін көздеріңе нұр тұнып:
Маған ұқсап көнбіс болса біреуі,
Саған ұқсап… біреу туар – жұлқынып!
Құдай болса…
Бола берсін!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *