Мен де шаршадым осы өмірден

Иә,
Мен де шаршадым осы өмірден,
Жазылмайтын кесепат, кеселінен,
Қаңқуынан пенденің, өсегінен.
Махаббаттың мәйіті мұздап жатқан,
Сайқалдардың салулы төсегінен.
Жоқ…
Бұл жақтан бір жаққа көшемін мен.
Жауындардан қажыдым,
Дауылдардан,
Оқшауланған оңбаған қауымдардан.
Жүрегі жоқ – серейген денелерден,
Бауыры жоқ – ағайын-бауырлардан.
Түңілдім ғой ашулы алаңдардан,
Қалалардан – қаңырап қараң қалған.
Адамдарды айырған адамдардан –
Қоғамдардан,
Зымиян замандардан…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *