Жалған-ай

Ақын Жұматай мен ару Ләйлә Сарноқайда дүбірлі
той үстінде жолығып қалыпты деседі жұрт. Айтуларына
қарағанда бұл өзі бертінде болған оқиға. Ақындар айтысының
абыройы аспандап тұрған кез болса керек, өйткені жұрт ақын
мен арудың ақтық жүздесуінде мынадай айтыс болған десіп
жүр.
ЛӘЙЛӘ:
Жалған-ай,
Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай!
Ақындар да шалымды жұрт айлаға,
Періште деп жүрген оны қай дана?
Сылқымым-ай, үйленіп ап Зәйдаға,
Өлең жазып жүрсің бе әлі Ләйләға?
ЖҰМАТАЙ:
Айтатұғын сөз көп еді ойымда,
Көп өтініш кетер болды-ау мойында.
Сен – Сара боп, мен – Біржан боп кездестік,
Әттең, мынау Сарноқайдың бойында.
Тәңірім-ай, айтса болып тұрғаны –
Жүрегімді аттай солықтырғаны.
Мен – Жұматай, сен – Ләйлә боп жүргенде,
Жолықтырса – қалай жолықтырмады?!
Жалған-ай!
Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай!
ЛӘЙЛӘ:
Жалған-ай!
Тағдырымның бұ да басқа салғаны-ай?
Біржан болып іздеп пе едің Сараны?
Кеңістікте кездесер жер бар әлі:
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *