ЕРКЕКТЕР

Арқадан мұздай сыз өтпей, –
Ащы күлкі өтіп.
Құлады-ау жерге небір боздақ та сылқ етіп.
«Шәмшіміз енді ән жазбай, басын жазып жүр…»
Деп оған-дағы маза бердік пе күңк етіп?
Отқа айдар ұлды боққа айдап өсек-кекесін.
Өмірден өстіп өмірем қалып өтесің.
Шәмші жоқ енді…
Айта бер әнің болса егер,
Әлаулай бітсе, халаулай бар ғой, көкешім…
Жұбан да өтті қайнатып қанын қанды алаң.
Мен түгіл мұнда Қайраттың бағы жанбаған…
Әкесі – Бекзат, шешесі – Ару қазақтан
Тексіздер қайдан шығады?!
Соған таңқалам…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *