ВАНЮШИН Василий Федорович

ВАНЮШИН Василий Федорович (1916, Ресей, Тверь обл, Весьегон ауд. Вауча. -1976, Алматы) -жазушы. аудармашы. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Жоғары партиялық мектебін бітірген (1938). 1938-41 ж. ауд. «Колхозный призыв» газетінің редакциясында жұмыс істеген. Осы газетте алғашқы өлең. очерк. фельетондарын жариялаған. 1941 -47 ж. Кеңес әскері қатарында қызмет атқарған. 1947 -51 ж. Қызылорда обл. «Ленинский путь» газетінің редакторы болған. 1951 ж. Алматыға ауысқан. «Под знаменем гвардейским» (1942) кітабының авторы. В. Н.Ғабдуллиннің «Жаңа таныстар»,т.б. әңгімелерін, З.Шашкиннің, С.Дөнентаевтың шығармаларын орыс тіліне аударған. Жазушы 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *