БӨРИЕВ Әміртай (16.11.1946 ж. т.,Жамбыл обл. Жуалы ауд. Қызтоған а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген(1968). 1968-70,1972-75ж. «Казақстанпионері»(қазіргі»Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970 -72 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, 1975 -76 ж. Қазақ телерадио к-тінде редактор,1976 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып қызмет атқарған. Тұңғыш повесі «Ақбидай» 1976 ж. жарық көрген. 1976 ж. «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгеде «Мейір гүлдегенжерде» повесі екінші сыйл. ие болды. «Алматы хикаялары» (1978), «Арманына жолыққан адам» (1982) әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген. «Кел біздің ауылға»,»Ештен кеш емес»,»Кіндік шеше». т.б. пьесалар, М.Әуезов, Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Жолдасбеков туралы деректі фильмдердің сценарийін жазған. «Доңыз деген не?» мультфильмінің сценарийі жабық бәйгенің екінші жүлдесін иеленді. Орыс жазушылары А.П. ЧеховтыңДұшпандар», В.Бубнистің «Шалғы шыңылы» әңгімелерін, моңғол жазушысы Г.Тарманның «Аққайнар» романын қазақтіліне аударған.