БӨКЕЕВ Оралхан

БӨКЕЕВ Оралхан (28.9.1943, Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Шыңғыстай а. -1993. Үндістан. Дели қ., Алматыда жерленген) -жазушы,драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). 1965-68
ж. Шығ. Қазақстан обл. Большенарым ауд. «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары. Шығ. Қазақстан обл. «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде әдеби қызметкер. 1968 -74 ж. «Лениншілжас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде,1974 -83 ж. «Жұлдыз журналында» бөлім меңгерушісі, 1983 -1993 ж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарған. «Қамшыгер» (1970), «Үркер» (1971),»Қайдасың, қасқа құлыным» (1973),»Мұзтау» (1976,орыс тілінде -М, 1987),»Ән салады шағылдар» (1978,орыс тілінде -М, 1981),»Үркер ауып барады» (1981),»Біздің жақта қыс ұзақ» (1984,Қазақстан мемл. сыйл.. 1986. орыстілінде -М, 1984) әңгімелер мен повестер жинақтары. «Өз отыңды өшірме» (1983,орыс тілінде -1984),»Атау кере» (1991) романдары, » Құлыным менің» (1987) пьесалар жинағы. «Өнерге өлердей ғашық едім» (1995) эс-селер жинақтары жарық көрген. «Қүлыным менің» (2 актілі драма. 1974; Қазақстан Комсомолының сыйл.. 1976),»Текетірес» (2 актілі драма. 1976). «Қар қызы» (2 актілі элегия. 1982),»Зымырайды поездар»(2 бөлімді тарихи драма. 1984), «Жау тылындағы бала» (2 бөлімді драма. 1985),»Мен сізден қорқамын» (2 бөлімді драма. 1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде респ., обл.. сондай-ақ,одақтас республикалар театрларында қойылды. Орыс тілінде «Жасынның ізі» М, 1978; Н.Островский атынд. Бүкілодақтық әдеби сыйл.. (1978) әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген.Бірқатар шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Б. шығармалары бойынша «Кісікиік» (реж. М.Смағұлов,1985),»Сайтан көпір» (реж. Д.Манабаев. 1986) көркем фильмдер түсіріліп,»Кер-бұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль (1986. балетмейстер Б.Люханов) қойылды. Қазақстан Жастар одағы сыйл. (1976), Қазақстан Мемл. сыйл. (1986) лауреаты,»Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1986).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *