‘БӨГЕН БАТЫР» батырлық жыр. Жырды І.Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер ин-тына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы -халық арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры,қорғаны етіп көрсету. Жыр екі томдық «Батырлар жырының» 2-томына енген (1951). Жыр нұсқасы Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.