БӨГЕМБАЙ БАТЫР

»БӨГЕМБАЙ БАТЫР» -тарихи жыр. Авторы -Үмбетей жырау. 18 ғ-дың 70-жылдарында шығарылған. 7-8 буынды шалыс ұйқас,ерікті ұйқас үлгісіндегі туынды. Жырда жоңғар шапқыншылығы заманында 26 жыл бас қолбасшы болған Қанжығалы Бөгембайдың қайтыс болғаны (1775) «Батырың өтті Бөгембай» деп Абылайға естірту түрінде басталып,оның қалмаққа қарсы күрестегі ерлігі,туған халқының азаттығы үшін сіңірген еңбегі бейнеленеді. Батырдың әкесі мен шешесі туралы мағлұмат бар. Бөгембаймен бірге Жантай Атан мен Қаракерей Қабанбай сияқты батырлардың да ерлігі жырланады. Сол кездегі қазақтың ру-тайпалары,олардың үлы күреске ат салысқан басты адамдары жөнінде тарихи-этногр. мәліметтер берілген. Қалмаққа қарсы ірі шайқастар болған Баянауыл, Қызылтау,Абыралы,Шыңғыстау,Қозымаңырақ,Қоймаңырақ сияқты жер атаулары көрсетіледі. «Б. б» жырының бір нұсқасын проф. С.Аманжолов 1936 ж. кітап етіп бастырып шығарған. Көлемі 4212 жолдай. Жырдың өзге нұсқалары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *