БӨГДЕ СӨЗ — сөйлегенде не жазғанда баяндап отырған мәселеге байланысты келтірілген басқа біреудің сөзі,пікірі. Әдеби шығармада мұндай сөздер белгілі мақсатпен, мыс., кейіпкердің сөйлеу ерекшелігін аңғарту үшін алынуы мүмкін. Б. с-ді қолданудың негізгі мақсаты -баяндап отырған мәселе жөнінде автордың өз пікірі, пайымдауларының дұрыстығын дәлелдеу,соны кеңейтіп көрсету. Б. с-ді қолдану тәсілі әр түрлі: көп жағдайда
басқа біреудің сөзі, пікірі ешқандай өзгеріссіз, түпнұсқасы сақ-талып, төл сөз түрінде, кейде басқа біреудің пікірі ғана сақталып,түгелдей автордың өз сөзімен берілген төлеу сөз түрінде де қолданылады