БҮКПЕЛЕУ -айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, емеурінмен танытып, қысқаша қайыру, іркіліп сөйлеу немесе, сыпайылап ишаратпен аңдату үшін қолданылатын стильдік тәсіл. Б-дің үлгісі ретінде А.Байтұрсынұлы Жарылғасынның мына өлеңін келтіреді: «Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын, Сөз -кілт, кеуде -сандық, ақыл -алтын. Ақылың көп болғанмен, шашың ұзын, Жібердің келістірмей сөздің артын».