(1834,Ақмолаобл. Еңбекшілер ауд. -1897. сонда) -әнші, композитор, ақын. Орта дәулетті, шаруа отбасынан шыққан. Әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады, өз атына «сал» атауы қосарланып айтылатын болады. 1865 ж. Абаймен кездесуі Б. с-дың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Өзінен бұрынғы айтулы әнші-ақын, сал-серілердің жанына еріп жүріп, тәлім алған. Кейін өзі де айналасына халықтың небір дүлдүл ақын-әнші, өнерпаздарын топтастырған. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері -Б. с-дың мектебінен өнегеалған. Бізге Б. с-дың60-қа жуық әндері жеткен. «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», «Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай -Жанбай», «Шідер», «Теміртас», «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Көкек», «Жонып алды», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Жанбота», т.б. әндері бар. Б. с. әндері сөзінің де ұлттық бояуымен, бейнелеу құралдарыныңерекше көркемдігімен бірегей тұтастық танытады. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты (қ. «Бір-жан -Сара айтысы»). Б. с-дың муз. мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылған. М.Төлебаев «Біржан -Сара» операсын жазды.