БУКЕТОВ Евней Арыстанұлы

БУКЕТОВ Евней Арыстанұлы (23.3.1925. Солт. Қазақстан обл. Сергеев ауд. Бағанатыа. -13.12.1983. Қарағанды) -ғалым. тех. ғыл. докт. (1966). проф. (1967). Қазақстан ҒА-ның акад. (1975),жазушы, аудармашы. ҚазҰТУ-ды (1950),оның аспирантурасын (1960) бітірген. 1950 -60 ж. Қазақтың кен-металлургия ин-тында ассистент,аға оқытушы, доцент,директордыңорынбасары. 1960 -72 ж. Қарағандыдағы Химия-металлургия ин-тының директоры,1972 -80 ж. Қарағанды мемл. ун-тінің ректоры. 1980 -83 ж. Қарағандыдағы Химия-металлургия ин-тында аға ғыл,қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметгерін атқарған. Б-тың басшылығымен Балқаш тау-кен металлургия комб-нда мыс электро-жітін мышьяктан тазарту тәсілі зерттеліп, өндіріске енгізілген. Б. сіжілі және қышқылды ортада халькогендер мен халькогенидтер химиясын және технологиясын зерттеп, оның негізін салды (КСРО Мемл. сыйл..1969). Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. «Шесть писем
другу» (1989) кітабы жарық көрген. Орыс ақындары С.Есениннің,В.В. Маяковскийдің өлеңдерін, И.Василенконың «Артемка» повесін (1955),Э.Вазовтың «Тепкіде» (1959) романын қазақ тіліне аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қарағанды мемл. ун-ті. Қарағанды қ-ның бір көшесі Б. есімімен аталады. Аталмыш ун-т ішінен Б-ке арнап мұражай ашылған (2005).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *