БОСАҚОВ Жамаладдин

БОСАҚОВ Жамаладдин (15.5.1918. Алматы обл. Жаркентқ. -12.3.1987. Алматы) -жазушы. Жаркент пед техникумын (1936). ҚазҰУ-ды (1960) бітірген. Жаркент ауд-нда мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, ауд. оқу бөлімінің меңгерушісі, 1951 -87 ж. «Жазушы» баспасында ұйғыр бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері «Достық» жинағына (1952) енген. «Қайнам» (1967),»Назугум» (1980) пьесалары Респ. ұйғыр театры сахнасында қойылған. Орыс жазушылары М.С. Бубенновтің «Ақ қайың»,Т.З. Семушкиннің «Аласталған Алитет» (екінші кітабы),И.Т. Мамякиннің «Терең ағын», өзбек жазушысы А.Кадиридің «Өткен күндер» шығармаларын ұйғыр тіліне аударған. Шығармалары қазақ,орыс,өзбек,башқұрт тілдеріне аударылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *