БОДЫҚОВ Оразбек (29.3.1927. Қызылорда обл. Шиелі ауд, «Коммунизм» ұжымшары -2.9.1997. Алматы) жазушы, драматург, аудармашы. 1952-54 ж. «Лениншіл жас» (казіргі «ЖасАлаш») газетінде, 1954 -57 ж. «Қазақәдебиеті» газетінде, 1957 -60 ж. «Казахстанская правда» газетінде әдеби қызметкер, 1960 -69 ж. Қызылордаобл. халық шығарм-ғы үйінің директоры, 1973 -79 ж. Қуыршақ театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі,1970-73. 1983 -87 ж. Қазақ радиосында бас редактор,бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.Шығармаларын казақ және орыс тілдерінде жазған. «Қанжар мендомбыра»
(1966), «Қарақұм трагедиясы» (1967),»Дала тұтқыны» (1968), «Әл-Фараби» (1969),»Отырар ертеңқирайды» (1970), «Қорқыт» (1971), «Жекпе-жек» (1974), «Жүрегімнен сұраңдар» (1977), «Қош бол Бөрібасар» (1985), «Ит өлім» (1987), «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні» (1988),т.б. пьесалардың авторы. А.Тоқмағамбетовтың «Әке мен бала» романын орыс тіліне (1978), орыс жазушысы В.Смирнова-Ракитинаның «Авиценна» романын қазақ тіліне аударған(1986).