Айдай Рим арулары
Кімді жатыр құшақтап?!
Уа, Сабуран! Маздағанда –
Жүректе ашу ғажап, ә:
Император азбағанда –
Қайран Рим аза ма?!
Армансыз-ақ мен өлейін,
Көңілімнің хошымен.
Рахатқа кенелейін,
Құрбаныңмын осы – мен!
Отанымды орда қылсам
Осыменен қорғарсың,
Қорда қылсам…
Басымды шап – осымен!»
…Өтті-ау өмір, күйіне де,
Көріп тоқтық – боқтықты.
Траян жоқ дүниеде,
Сабуран да жоқ, тіпті.
Красстарша мас боп құлап,
Құлдық саған десек – мәз,
Шабатұғын бас көп, бірақ –
Миы кепкен есек бас…
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК