ӘУКЕБАЕВ Есет

ӘУКЕБАЕВ Есет (23.12.1921 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Теректі а.) -ақын. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1981). Отан соғысына қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген(1963). 1956 -69 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі. 1969 -84 ж. «Жазушы» баспасындабас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңі 1937 ж. Зайсан ауд. «Социалды жол» газетінде жарияланған. Алғашқы «Сақшы сыры» өлеңдер жинағы 1954 ж. жарық көрген. «Таң шапағы» (1967),»Асқар таулар»(1973),»Бірлік бәйтерегі» (орыс тілінде,1977),»Кеңшілік» (1980),»Өмір -бақыт» (1983),»Күн мен көлеңке»,(сонеттер, 2000) өлең кітаптары басылып шықты. Ә-тың
шығармалары шетел халықтары тілдеріне (ағылшын, араб, моңғол, неміс, поляк) аударылған. Әскери-патриоттық тақырыптағы өлеңдері үшін А.Фадеев атынд. күміс медальмен марапатталған (1983). Сонымен қатар Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен. «За боевые заслуги»,»За безупречную службу»,»За доблестный труд». т.б. көптеген медаль дармен, екі рет Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *