ӘУЕЗ БАТЫР

«ӘУЕЗ БАТЫР» -жыр. Ел аузында айтылатын аңыз,ертегілердің әңгімелік желісін нақты өмірмен байланыстырып, жырға айналдырған бұл халықтық шығармада батырлық және тұрмыс-салт жырларының. қиял-ғажайып ертегілерінің дәстүрлері тоғысып біріккен сюжет жасаған. «Ә. б.» жырының негізгі идеясы -халықты қанаған билеуші топқа және сыртқы жауға қарсы күрес. Жырдың екі нұсқасы бар: біріншісі -1940 ж. Ақтөбе обл. Қобда ауданының тұрғыны жыршы Айса Байтабынов жырлаған, нұсқа көлемі -1500 жол. Бұл нұсқада қарадан шыққан Әуез батырдың тәкаппар хан қызын тәубасына кежіріп,хан алдында үстемдігінкөтеруі. Қобыланды, Телағыс, Қарасай, Қази сияқты атақты батырлар алдында күш-қабілетін танытып,олармен дос болуы, ортақ жауға қарсы бірлесіп шайқасуы сөз болады. «Ә. б.» жырының екінші нұсқасы «Әуелбек батыр» деген атпен белгілі. Бұл нұсқаны 1941 ж. Әміреш Жұмағазин ел аузынан жазып алып тапсырған. «Ә. б.» жырымен мазмұны жағынан ұқсас,негізгі айырмашылығы кісі аттарында ғана, екі нұсқа да жыр үлгісімен айтылады. Екі нұсқа даОрт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *